Жарияланған күні:

University of Nottingham-мен ғылыми ынтымақтастықты дамыту перспективалары: «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да кездесу өтті

Бүгін «Халықаралық бағдарламалар орталығы»АҚ-да «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Ноттингем университетінің ассистент-профессоры және Qazaq International Science & Technology Association (QIST) қауымдастығының белсенді мүшесі Серік Токболатпен кездесу өтті.

Кездесу барысында тараптар келешектегіынтымақтастық перспективаларын және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы аясында қазақстандық ғалымдарға ұсынылуы мүмкін ғылыми бағыттарды талқылады. University of Nottingham «Болашақ» және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы бойынша Орталықпен бірлесіп жұмыс істейтін жетекші шетелдік оқу орындарының қатарында.

«Болашақ» бағдарламасының түлектерінің халықаралық академиялық және ғылыми ынтымақтастыққа қосқан үлесі ерекше мәнге ие. Сәйкесінше Серік Токболат бұл жұмыстың белсенді қатысушысы, соның ішінде Qazaq International Science & Technology Association қауымдастығы аясында да қызмет атқарады.

2025 жылғы шілде айында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен Qazaq International Science & Technology Association арасында бірлескен ғылыми бастамаларды жүзеге асыру мақсатында меморандумға қол қойылды. Серік Тоқболаттың қолдауымен қазақстандық ғалымдарға ғылыми ынтымақтастық аясында көмек көрсетіледі. Нақтырақ айтқанда, 2025 жылғы 24 желтоқсандағы Республикалық комиссия шешімі бойынша төрт қазақстандық ғалым «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы аясында оның ғылыми жетекшілігімен стипендияға ие болды.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ«Болашақ» бағдарламасының табысты түлектерімен жүйелі жұмысты жалғастырып келеді. Мұндай тәжірибе кәсіби және ғылыми салада табысқа жеткен түлектердің кейінгі буын стипендиаттарға үлгі болып, ынталандырушы факторға айналатынын атап өту керек.

Кездесу Qazaq International Science & Technology Association және University of Nottingham-мен тиімді ынтымақтастықтың тағы бір дәлелі болды. «Болашақ» бағдарламасы аясында аталмыш университетте оқу және тағылымдамадан 188 түлек өтті, қазіргі таңда 13 қазақстандық стипендиат академиялық оқуын жалғастыруда.