Жарияланған күні:

10 БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ҚЫРҒЫЗСТАН ЖОО-ЛАРЫ БӨЛДІ

Үкіметаралық келісімдердің арқасында қазақстандықтар Қырғызстанның жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және резидентура бағдарламалары бойынша тегін оқуға мүмкіндік алды. Грант оқу шығындарын өтейді, студенттерге стипендия төленеді.

«Қазақстандықтарға үкіметаралық гранттар шеңберінде Еуропа мен Азияның 10 елінде бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша тегін оқу үшін 500-ге жуық грант жыл сайын бөлініп отырады. Айта кетерлігі, бірқатар ел тегін тілдік дайындықтан өтуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.

Қырғызстанның жетекші жоғары оқу орындарында оқу орыс және қырғыз тілдерінде өтеді.

Тегін оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар 12 маусымға дейін eGov.kz порталы арқылы және Халықаралық бағдарламалар орталығының кеңсесінде қабылданады.

Жадынама

ҚР азаматының сауалнамасы

Сауалнама Қырғызстан