Жарияланған күні:
Stipendium Hungaricum бағдарламасы гранттар иегерлерінің тізімі бекітілді. Мажарстанның жетекші ЖОО-ларында 195 қазақстандық оқитын болады, олардың ішінде 102 – бакалавриат бағдарламасы бойынша, 72 – магистратурада, 10- бакалавриат+магистратура бағдарламалары бойынша, 11 – докторантурада. Резервтік тізімге 19 үміткер кірді.
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтарға жыл сайын Мажарстанның жетекші жоғары оқу орындарында академиялық білім алуға арналған гранттар ұсынылады. Грант оқу, жатақханада тұру, медициналық сақтандыруды өтейді, сонымен бірге ай сайын стипендия төленеді.
«Биыл үкіметаралық гранттар бойынша конкурстық іріктеу ережелері жетілдірілді. Алғаш рет ауылдық жерлерден үміткерлер үшін артықшылықтар беріліп отыр. Сонымен қатар біздің бастамамызбен үкіметаралық гранттардың түлектері үшін еңбекпен өтеу мерзімі 3 жылдан 1 жылға дейін қысқартылды», - деп хабарлады «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.
Сарапшылардан, инженерлік-техникалық, медициналық, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының ғалым-докторларынан тұратын тәуелсіз комиссия үміткерлерді іріктеуді өтікзді.
Әңгімелесу барысында үміткерлердің мамандықты қаншалықты саналы түрде таңдағанын, уәждемесінің деңгейін, теориялық білім деңгейі мен оқудағы немесе таңдаған мамандық саласындағы жетістіктерін анықтауға арналған сұрақтар қойылды. Сондай-ақ үміткерлердің жеке қабілеттері ескерілді. Білім беру гранттарын тағайындау туралы соңғы шешімді қабылдайтын тарап шығарды.
Қорытынды сарапшылық комиссия келесі үш критерий бойынша ең жоғары баллы бар үміткерлерді негізгі және резервтік тізімге қосты: шет тілін білу деңгейі, білім туралы құжаттың орташа баллы және әңгімелесу қорытындысы бойынша орташа баға.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр үкіметаралық гранттар бойынша елдер географиясына кіретін мемлекеттер саны 7-ден 10-ға дейін кеңейтілді. Бұған дейін Белаусь, Мажарстан, ҚХР, Польша, Қырғызстан, Тәжікстан елдерімен келісімге қол қойылды. Өткен жылы бұл тізімге Вьетнам, Словакия және Әзірбайжан қосылды. Үкіметаралық гранттарға Халықаралық бағдарламалар орталығы әкімшілік етеді.