Жарияланған күні:

2022-2023 оқу жылына ҚХР жоғары оқу орындарында оқуға арналған білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды.

Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы үкіметаралық келісім шеңберінде, 2022-2023 жылына 18 қазақстандық грант иегерлері болып атанды.

Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын ҚХР қазақстандықтар үшін бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша білім гранттарын ұсынады.

Грант академиялық білім алу, жатақханада тұру, медициналық сақтандыру шығындарын өтейді, сондай-ақ студенттерге ай сайын стипендия төленеді.

Айта кетейік, былтыр Қазақстан үкіметаралық гранттар бойынша елдер географиясына кіретін мемлекеттер санын 7-ден 10-ға дейін ұлайтты. Бұрын Беларусь, Украина, Венгрия, ҚХР, Польша, Қырғызстан, Тәжікстан елдерімен келісімге қол қойылды. Өткен жылы бұл тізімге Вьетнам, Словакия және Әзірбайжан кірді.

Білім гранттары иегерлерінің тізімі Орталықтың сайтында және Bolashaq news Telegram арнасында жарияланған.

Грант иегерлерінің тізімі