Жарияланған күні:

23 маусым – әлемнің барлық мемлекеттік қызметшілері үшін ортақ кәсіби мереке.

2013 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен Қазақстанда да бұл күн мемлекеттік қызметшілер күні болып бекітілді.

Бұл күн қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекет саясатын жүзеге асыруға елеулі үлес қосқан қызметкерлерге құрмет көрсету үшін мерекелер күнтізбесіне енгізілді.

Бүгінгі таңда «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында барлығы 11 247 маман даярланды. Соның ішінде 819 мемлекеттік қызметші «мемлекеттік қызметші» санаты бойынша білім алған.

«Болашақ» бағдарламасы түлектерінің арасында 16 вице-министр, 1 республикалық маңызы бар қаланың әкімі, 5 облыс әкімдерінің орынбасары, 6 министрліктер комитеттерінің төрағасы бар.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы «Болашақ» бағдарламасы аясында тағылымдамадан өту үшін «мемлекеттік қызметшілер» арнайы санаты бекітілді.

Барлық мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, отбасылық амандық пен еліміздің игілігіне атқарып жатқан қызметте толағай табыс тілейміз!

Құрметпен, Халықаралық бағдарламалар орталығы