Жарияланған күні:

24 маусымда «Болашақ» халықаралық стипендиясының 30 жылдығына орай бағдарлама түлектері арасында V Спартакиада өтеді!

Ұйымдастырушылар – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен Халықаралық бағдарламалар орталығы және «Болашақ» Қауымдастығы.

«Болашақ» бағдарламасының түлектерін жеке немесе қалыптасқан команда құрамында қызықты спорттық-зияткерлік жарыстарға қатысуға шақырамыз.

Іс-шарада:

  • Шағын футбол (5 адамнан тұратын аралас команда + максимум 3 қосалқы ойыншы)
  • Баскетбол (5 адамнан тұратын аралас команда + максимум 3 қосалқы ойыншы)
  • Үстел теннисі (ерлер және әйелдер)
  • Арқан тарту (6 адамнан тұратын аралас команда)
  • Шахмат (ерлер және әйелдер)
  • Асық ату (ерлер және әйелдер)

Уақыты: 10:00 сағ.

Спартакиадаға қатысу үшін келесі сілтеме арқылы тіркеліңіздер