Жарияланған күні:
ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглованың төрағалығымен Үкіметаралық гранттар бойынша қорытынды комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссия шешімімен 248 қазақстандық Мажарстанның жетекші жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға ұсынылды.
«Stipendium Нungaricum» стипендиялық бағдарламасының конкурстық іріктеуіне 1141 үміткер қатысты.
Қорытынды комиссия үш критерийді бағалау нәтижесі бойынша ең жоғары орташа баллы бар үміткерлерді тізімге қосты: шет тілін меңгеру деңгейі, білім туралы құжаттың орташа балы және әңгімелесу қорытындысы бойынша орташа баға. Конкурстық іріктеуде баллдар теңдігі болған жағдайда, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтар санатынан, сондай-ақ ауылдық елді мекендерден тапсырған үміткерлерге басымдық беріледі.
«Stipendium Нungaricum» білім беру гранттарын тағайындау туралы соңғы шешім Мажарстан тарапынан қабылданады.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ үкіметаралық гранттардың әкімшісі бола отырып, өтінімдерді қабылдайды және үміткерлерді іріктеуді жүргізеді.
Атап өткен жөн, тізім алфавит бойынша сұрыпталған, яғни бірінші фамилия, екінші немесе кез келген басқаға қарағанда маңызды немесе басымдылығын көрсетпейді.