Басты бет > BOLASHAQNEWS > Мажарстанның жоғары оқу орындарында оқу үшін 250 оқу гранты

Жарияланған күні:

Мажарстанның жоғары оқу орындарында оқу үшін 250 оқу гранты

Құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 19 желтоқсаннан бастап 2024 жылғы 17 қаңтарды қоса алғанда "Электрондық Үкімет" порталы арқылы жүзеге асырылады (Egov.kz).

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Мажарстан Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігі арасындағы Stipendium Hungaricum Бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық бойынша 2024-2027 жылдарға арналған өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде 2024-2025 оқу жылына мына бағдарламалар бойынша 250 оқу гранты бөлінді:

Осы бағдарлама шеңберінде Мажарстан тарапы Қазақстан Республикасы азаматтарына келесі бағдарламалар бойынша 250 грант ұсынады:

  • бакалавриат бағдарламасы бойынша 110 орын;
  • магистратура бағдарламасы бойынша 90 орын;
  • бакалавриат+магистратура бағдарламасы бойынша 30 орын;

Бакалавриат, магистратура және бакалавриат+магистратура бағдарламалары бойынша стипендиаттар бірінші оқу жылы қабылдаушы университет ұсынған мажар тілін шет тілі ретінде курстан өтуге және екінші семестрдің соңында емтихан тапсыруға міндетті (мажар тілінде оқитын стипендиаттарды қоспағанда). Курсқа қатыспайтын стипендия иегерлері ай сайынғы стипендияны ала алмайды.

  • докторантура бағдарламасы бойынша 20 орын.

*Докторантура бағдарламасына үміткерлердің қабылдаушы университеттен ғылыми жетекшілері болуы керек. Онлайн-тіркелу кезінде қабылдаушы университеттен ғылыми жетекші/супервайзер қол қойған қабылдауды растайтын құжатты тіркеу қажет.

Аталған гранттар туралы ақпарат

https://stipendiumhungaricum.hu/uploads/2020/03/BA_MA_OTM_Call_for_Applications_2024_2025_with_students_at_risk.pdf https://stipendiumhungaricum.hu/uploads/2020/03/PhD_Call_for_Applications_2024_2025_with_students_at_risk.pdf вебсайтында орналасқан.

Грант келесі шығындарды өтейді:

  • тегін оқу;
  • ай сайынғы стипендия бакалавриат және магистратура бағдарламалары үшін – HUF 43.700, докторантура – HUF 140.000 (бірінші 4 семестр) және HUF 180.000 (екінші 4 семестр);
  • жатақханада тұру (немесе жалдамалы пәтердің ақысы айына 40 000 HUF шамасы көлемінде);
  • медициналық сақтандыру.

Көңіл аударыңыз!!! Қалған шығындарды грант иегері өз қаражатынан өтейді. 2006 жылғы 31 тамыздан кейін туған үміткерлерден өтініш қабылданбайды (Үміткерлердің жасы 2024 жылғы 31 тамызға дейін он сегіз жастан кем болмауы тиіс) «Хореография» (Dance Study) мамандығынан басқа.

Құжат 2023 жылғы 19 желтоқсаннан бастап 2024 жылғы 17 қаңтарды қоса алғанда https://egov.kz/cms/ru/services/higher_education/pass_203_mon «Электрондық үкімет» порталы (Egov.kz) арқылы қабылданады немесе «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға кеп қолма қол тапсыруға болады. Құжат тапсыру жөніндегі нұсқаулықты https://www.youtube.com/watch?v=63vBxsMIkYs сілтемесінен көре аласыз.

«Электрондық үкімет» порталы арқылы құжат тапсыру үшін ЭЦҚ қажет, оны қашықтан алуға болады. ЭЦҚ алу жөніндегі нұсқаулықпен онлайн режимде (қашықтан) мына сілтеме бойынша таныса аласыз https://egov.kz/cms/ru/services/pass_onlineecp. Егер электрондық қызметтерді алу кезінде қиындықтар туындаса, алдыңғы сілтеме бойынша виртуалды операторға жүгіне аласыз немесе 1414 нөмірі бойынша байланыс орталығына тегін қоңырау шалыңыз.

ЭЦҚ алғаннан кейін сізге Egov.kz арқылы құжат тапсыру қажет. Құжатты онлайн тапсыру нұсқаулығын келесі сілтемеден көре аласыз: https://www.youtube.com/watch?v=JJcP7CAfwv4

Шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу келесі турлар арқылы жүзеге асырылады:

  1. Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен үміткерлердің дербес әңгімелесуін онлайн режимде өткізу.
  2. Үміткерлердің материалдарын қарау және Қорытынды комиссияның шешім шығаруы.

Үміткерлерді іріктеу үшін негізгі өлшемшарттар:

  1. балдық жүйе бойынша шет тілін білу деңгейі;
  2. білім туралы құжаттың балдық жүйе бойынша орташа балы;
  3. Тәуелсіз сараптамалық комиссияның бағасы.

Қағидалардың 17-тармағына сәйкес, халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде балл тең болған жағдайда мына төмендегілер баллмен басымдыққа ие болады (келесі ретпен):

  1. жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  2. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін) ұсынған, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті шетелдік білім беру ұйымдарында оқуға болатын бала кезінен мүгедектер және мүгедек балалар;
  3. көп балалы отбасынан шыққан балалар;
  4. ауылдық елді мекеннен шыққан, соңғы 2 (екі) жылда ауылдық елді мекенде тұратын үміткерлер;
  5. шетелдік жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шақыруы бар үміткерлер, сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарында білім алушылар.

Іріктеу қорытындысы бойынша ұсынылған үміткерлердің тізімі қабылдаушы тарапқа жіберіледі.

Құжат тапсыру бойынша толық ақпаратпен жадынамадан танысуға болады. 21-тармақтың 4) тармақшасына сәйкес конкурс жеңімпазының шетелде академиялық оқуды аяқтағаннан кейін міндетті түрде Қазақстан Республикасына қайта оралуы және (бір) жыл мерзіммен үздіксіз еңбек қызметін жүзеге асыруы көзделген.

Маңызды: 2024 жылдың 15 қаңтарына дейін https://apply.stipendiumhungaricum.hu/ веб-сайтында онлайн тіркелу қажет.

Қосымша ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: +7 (7172) 76-90-76 ішкі нөмірлер: 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118.

Ережемен мұқият танысуыңызды сұраймыз: http://adilet.zan.kz/rus/docs/V080005499_

Құжат тапсыру бойынша нұсқаулық

ҚР азаматының сауалнамасы