Басты бет > BOLASHAQNEWS > МАЖАРСТАННЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ОҚУ ҮШІН 250 ОҚУ ГРАНТЫ

Жарияланған күні:

МАЖАРСТАННЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ОҚУ ҮШІН 250 ОҚУ ГРАНТЫ

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Мажарстан Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігі арасындағы Stipendium Hungaricum Бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде 2025-2026 оқу жылына мына бағдарламалар бойынша 250 оқу гранты бөлінді:

  • бакалавриат бағдарламасы бойынша 110 орын;
  • магистратура бағдарламасы бойынша 90 орын;
  • бакалавриат+магистратура бағдарламасы бойынша 30 орын;

Бакалавриат, магистратура және бакалавриат+магистратура бағдарламалары бойынша стипендиаттар бірінші оқу жылы қабылдаушы университет ұсынған мажар тілін шет тілі ретінде курстан өтуге және екінші семестрдің соңында емтихан тапсыруға міндетті (мажар тілінде оқитын стипендиаттарды қоспағанда). Курсқа қатыспайтын стипендия иегерлері ай сайынғы стипендияны толық мөлшерде ала алмайды.

  • докторантура бағдарламасы бойынша 20 орын.

Аталған гранттар туралы ақпарат

Call for Applications (for bachelor’s, master’s, one-tier master’s, non-degree programmes, and postgraduate specialist training courses) 2025/2026

Call for Applications (for doctoral programmes) 2025/2026 вебсайтында орналасқан.

Бейне нұсқаулық Stipendium Hungaricum: https://www.youtube.com/playlist?list=PLLs7QHC2TiRiCJhjBJ5a8PAaZS7WoCqLU

Грант келесі шығындарды өтейді:

  • тегін оқу;
  • ай сайынғы стипендия бакалавриат және магистратура бағдарламалары үшін – HUF 43.700, докторантура – HUF 140.000 (бірінші 4 семестр) және HUF 180.000 (екінші 4 семестр);
  • жатақханада тұру (немесе жалдамалы пәтердің ақысы айына 40 000 HUF шамасы көлемінде);
  • медициналық сақтандыру.

Назар аударыңыз!!! Қалған шығындарды грант иегері өз қаражатынан өтейді. 2007 жылғы 31 тамыздан кейін туған үміткерлерден өтініш қабылданбайды, (Үміткерлердің жасы 2025 жылғы 31 тамызға дейін он сегіз жастан кем болмауы тиіс) «Хореография» (Dance Study) мамандығынан басқа.

Маңызды: 2025 жылдың 15 қаңтарына дейін https://apply.stipendiumhungaricum.hu/ веб-сайтында онлайн тіркелу қажет.

Құжат 2024 жылғы 25 қарашадан бастап 2025 жылғы 17 қаңтарды қоса алғанда «Электрондық үкімет» порталы (Egov.kz) https://egov.kz/cms/ru/services/higher_education/pass_203_mon арқылы қабылданады немесе «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға кеп қолма қол тапсыруға болады.

Құжат тапсыру жөніндегі нұсқаулықты https://www.youtube.com/watch?v=63vBxsMIkYs сілтемесінен көре аласыз.

«Электрондық үкімет» порталы арқылы құжат тапсыру үшін ЭЦҚ қажет. ЭЦҚ алу жөніндегі нұсқаулықпен онлайн режимде (қашықтан) мына сілтеме бойынша таныса аласыз https://egov.kz/cms/ru/services/pass_onlineecp. Егер электрондық қызметтерді алу кезінде қиындықтар туындаса, алдыңғы сілтеме бойынша виртуалды операторға жүгіне аласыз немесе 1414 нөмірі бойынша байланыс орталығына тегін қоңырау шалыңыз.

ЭЦҚ алғаннан кейін сізге Egov.kz арқылы құжат тапсыру қажет. Құжатты онлайн тапсыру нұсқаулығын келесі сілтемеден көре аласыз: https://www.youtube.com/watch?v=JJcP7CAfwv4

Шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу келесі турлар арқылы жүзеге асырылады:

  1. Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен үміткерлердің дербес әңгімелесуін онлайн режимде өткізу.
  2. Үміткерлердің материалдарын қарау және Қорытынды комиссияның шешім шығаруы.

Үміткерлерді іріктеу үшін негізгі өлшемшарттар:

  1. балдық жүйе бойынша шет тілін білу деңгейі;
  2. білім туралы құжаттың балдық жүйе бойынша орташа балы;
  3. Тәуелсіз сараптамалық комиссияның бағасы.

Қағидалардың 17-тармағына сәйкес, халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде балл тең болған жағдайда мына төмендегілер баллмен басымдыққа ие болады (келесі ретпен):

  1. жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  2. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін) ұсынған, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті шетелдік білім беру ұйымдарында оқуға болатын бала кезінен мүгедектер және мүгедек балалар;
  3. көп балалы отбасынан шыққан балалар;
  4. ауылдық елді мекеннен шыққан, соңғы 2 (екі) жылда ауылдық елді мекенде тұратын үміткерлер;
  5. шетелдік жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шақыруы бар үміткерлер, сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарында білім алушылар.

Іріктеу қорытындысы бойынша ұсынылған үміткерлердің тізімі қабылдаушы тарапқа жіберіледі. Соңғы шешімді қабылдаушы тарап қабылдайды.

Құжат тапсыру бойынша толық ақпаратпен жадынамадан танысуға болады.

21-тармақтың 4) тармақшасына сәйкес конкурс жеңімпазының шетелде академиялық оқуды аяқтағаннан кейін міндетті түрде Қазақстан Республикасына қайта оралуы және (бір) жыл мерзіммен үздіксіз еңбек қызметін жүзеге асыруы көзделген.

Қосымша ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: +7 (7172) 76-90-76 ішкі нөмірлер: 110, 112, 113, 114, 115.

Ережемен мұқият танысуыңызды сұраймыз: http://adilet.zan.kz/rus/docs/V080005499_

Құжат тапсыру бойынша нұсқаулық

ҚР азаматының сауалнамасы