Жарияланған күні:
Билығы жылғы 30 наурызда үкіметаралық гранттар аясында Польша Республикасының жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға құжаттарды қабылдау басталады. Өтінімдер 2023 жылғы 14 сәуірге дейін eGov.kz эл. үкімет порталы арқылы онлайн қабылданады.
Қазақстандықтарға 11 грант бөлінді:
Грант мынадай шығындарды өтейді:
Грант магистратура және бакалавриат бағдарламалары бойынша білім алушылардың тұру шығындарын өтемейді. Сондай-ақ медициналық сақтандыру міндетті болуы тиіс.
Студенттер екі семестр бойы поляк тілінде дайындық курстарынан өтуге міндетті. Кейінгі оқыту тілі қабылдаушы университет іріктеуінің нәтижесі бойынша белгіленетін болады.
Айта кетейік, ағылшын тілінде оқуға түсетіндер тілді меңгергенін растайтын сертификат ұсынады.
Кандидаттарды іріктеудің негізгі критерийлері:
1) балдық жүйе бойынша шет тілін меңгеру деңгейі;
2) балдық жүйе бойынша білім туралы құжаттың орташа балы;
3) тәуелсіз сараптамалық комиссиясының бағасы.
Конкурстық іріктеуде халықтың әлеуметтік осал санаттары басымдыққа ие. Бұл көп балалы отбасылардан шыққан балалар, жетім балалар, ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар, сондай-ақ ауылдық елдімекендерден үміткерлер.
Хабарландыру
Құжат тапсыру бойынша жадынама
ҚР азаматының сауалнамасы
Ағылшын/поляк тілінде сауалнама