Жарияланған күні:
«500 ғалым» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтіп жатқан алматылық ғалым Бакытнур Берденова Жапонияда, Кюсю университеті (International Institute for Carbon-Neutral Energy Research, Kyushu University, Japan) зерттеу орталығында «Жылу физикасы жəне теориялық жылу техникасы. Жылу энергетикасы» мамандығын меңгеріп жатыр.
Бакытнур əл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде, механика кафедрасында PhD докторы, доцент міндетін атқарушы болып жұмыс істейді. 2013 ж. Қазақ-Француз қос дипломдық бағдарламасы бойынша ҚазҰУ жəне Лотарингия университеттерінде магистратурада оқыдым. Кейін оны бітірген соң Астанада Назарбаев Университетінде кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 2017 жылдан бастап қосымша механика кафедрасында оқытушы болып жұмыс істей бастады. 2019 ж. ҚазҰУ-да докторантурада оқыды.
«Менің ғылыми жұмысым адсорбция процесін зерттеу болып табылады. Нығыздалған белсендiрiлген көмірге көмірқышқыл газының адсорбциясын сандық модельдеумен айналысамын. Жалпы адсорбция процесі көп жерде қолданылады, медицинада, таза газдарды алуда, яғни элементтерге айыруда (азотын бөлек, СО2 бөлек деген сияқты), суды сүзу, энергетика, жылу өнеркəсiбiнде, электр энергиясынсыз жұмыс істейтін салқындату жүйелерінде қолданылады. Мен соның салқындату жүйелерінде қолданылуы саласын қарастырамын», - дейді ғалым.
Бакытнур Жапоняға келгелі модельдеу байынша жасалған жұмыстарының нəтижелері негізінде бір шағын мақала жазып үлгерді. Казір оқу құралын жазып жатыр жəне тағы бір мақала жазуға материалдар жинап жинауда. Кез - келген зерттеушінің басты міндеті – әдеттегіден ерекше нәрсе табу, басқаларға бәрі таныс, түсінікті және қарапайым болып көрінетін қиындықтар мен қайшылықтарды көру. Зерттеушінің айтуынша, адсорбция процесін зерттеудегі барлық негізгі параметрлер уақыт пен кеңістіктің функциялары болып табылады. Осы факторлардың барлығын зерттеумен және математикалық сипаттамамен айналысады.
«Бұл бізге не береді? эксперименттерді модельдеу эксперименттерді қоюға қарағанда арзанырақ, сонымен қатар материалдардың өнімділігін тәжірибеде сынамай-ақ болжауға мүмкіндік береді», - деді Бакытнур.
Ол сонымен қатар механиканың басқа салаларында пайдалы болатын сандық модельдеу және талдау туралы білімін тереңдетеді.
«Сандық модельдеу жəне анализ бойынша білімімді тереңдетіп жатырмын, үйренген заттар басқа да көптеген механика салаларында керек болады. Қазір механика есептерін шығаруда бағдарламалық пакеттер, онлайн калькулятор кеңінен қолданылады. Өйткені есептеуіш техника мен есептеу əдістері тез дамып жатыр, жəне адамдар сол дайын пакеттермен жұмыс істеуге, қолдануға көшіп жатыр. Сол екі арада фундаменталды білім қажет емес сияқты көрінеді, жəне жоғалып жатыр. Бұл көп жағдайларда бізді сол шет елдік бағдарламаларды сатып алуға жəне солардың ашық сайттарына тəуелділікке алып келеді. Соны ескеріп өзімізде де сондай заттар жасай алуымыз керек деп ойлаймын»,- дейді Бақытнұр.
Бақытнұрдың сөзінше, бағдарламаның артықшылығы – оқытушы болып жұмыс істегенде ғылыми жұмыстар жасауға уақыт таппай жүрген істерді қолға алуы, қайтадан оқып үйрене бастауы мен қаржыландыру. Оқытушы болып жұмыс істегенде ғылыми жұмыстарға уақыт болмай қалады. Осы тағылымдама кезінде сол жасауға уақыт таппай жүрген істерді қолға алып, Бақытнұр қайтадан оқып үйрене бастадым дейді.
«Айтайын дегенім докторантурадан кейін дəл осы бағдарлама мен үшін өте ыңғайлы болды. Бұл бағдарламаның тағы бір артықшылығы бір ғана жеке адамға берілетін гранттық қаржыландыру, стипендия. Сондықтан жауапкершілік бір өзіңде ғана. Яғни ғылыми қызметкерлер тобына арналған бағдарламалар да бар, ол бөлек», - деп түсіндірді стипендиат.
Қазақстанға оралғаннан кейін, жас ғалым ЖОО-да оқитын сабақтарының сапасын жақсартып, студенттерге, магистранттарға дипломдық жұмыстарының тақырыбы ретінде беруді көздейді. Адсорбция процесінің салқындату жүйелерінде қолдану саласында ғылыми жобалар ұсынып, мүмкіндігінше оны айналымға енгізуді жоспарлайды.
«Өзімнің қосып кетерім, сабақ бергенде көп байқайтын нəрсе - қандай білімді студенттер келеді, бірақ өз жасаған жұмыстарын баспаға шығаруға асықпайды, ойын жеткізіп айта алмайды, жазып бастағанын аяғына дейін бітірмейді. Сондықтан студенттер арасында мақала шығару мəдениетін дамыту керек деп ойлаймын, оны жай ғана сол қасындағы оқытушылары айтып жүрсе жеткілікті. Қазіргі заманда жасаған ғылыми жұмыстарды түсінікті жəне жоғары ғылыми тілде жаза білу ең керек дағды деп санаймын. Ғылыми жұмыстарды баспаға шығаруда қолданылатын LaTeX макропакетін үйрену керек, оны білу – үлкен артықшылық».- дейді ғалым.