Жарияланған күні:
600-ге жуық қазақстандық «Болашақ» бағдарламасымен Times Higher Education халықаралық академиялық рейтингке енетін ең үздік 100 университетте оқып жатыр. «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары Гарвард, Йель, Стэнфорд, Бирмингем, Кембридж, Массачусетс технологиялық институты, Мюнхен техникалық университеті және т.б. сынды беделді ЖОО-ларда білім алып жатыр.
Times Higher Education World University Rankings - жоғары оқу орындары халықаралық академиялық рейтингтерінің бірі. Ол оқыту сапасы, зерттеу жұмысы, дәйексөз индексі және т. б. секілді 13 тиімділік көрсеткішін пайдаланады.
Жалпы алғанда қазақстандықтарға QS World University Rankings, Times Higher Education World University Rankings халықаралық академиялық рейтингтерінің топ-250 тізіміне және БРҮҚО елдері ұлттық рейтингтерінің топ-20 тізіміне кіретін әлемнің 27 елінен 236 университет ұсынылған.
Естеріңізге сала кетейік, үміткерлер «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін ұсынылатын ЖОО-лар тізімінен шақырту тапсырады. Жеңілдігі бар үміткерлерден шақырту талап етілмейді.
2023 жылы құжаттарды қабылдау төрт лекте жүргізіледі. Алғашқы легі 9 қаңтарда басталып, ағымдағы жылғы 27 қаңтарға дейін жалғасты. Екінші легі 2023 жылғы 3 сәуір мен 28 сәуір аралығында, одан әрі 5 маусым мен 7 шілде аралығында және 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында өтеді.