Жарияланған күні:
2025 жылғы 18 сәуірде Duke Kunshan University (Цзянсу провинциясы, Қытай) өкілдерімен — атқарушы вице-канцлер Джон А. Куэлч пен кеңесші Нуртас Жәнібековпен жұмыс кездесуі өтті. Аталған кездесуге «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ тарапынан Басқарма Төрағасы Әділ Құсманов, Басқарма Төрағасының орынбасары Абай Рахмет және Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Айдана Бахманова қатысты.
Duke Kunshan University (DKU) — 2013 жылы Duke University (АҚШ) мен Wuhan University (Қытай) арасындағы стратегиялық серіктестік аясында құрылған халықаралық университет. DKU гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары, сондай-ақ басқару және инженерия салаларында пәнаралық білім беру бағдарламаларын ұсынады.
Кездесу барысында тараптар «Болашақ» бағдарламасы және ғылыми тағылымдамалар аясындағы ықтимал ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Аталған кездесу қазақстандық студенттер мен ғалымдар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, халықаралық деңгейде білім мен тәжірибе алмасуды, сондай-ақ бірлескен зерттеулер жүргізуді нығайтпақ.