Жарияланған күні:

Қандай жоғары оқу орнын таңдау керек?

«Болашақ» халықаралық стипендиясы үміткерлерінің алдында алдымен «Қандай жоғары оқу орнын таңдау керек?» деген маңызды сұрақ тұрады.

Осы орайда біз университет таңдауға көмектесетін ұсыныстарды назарларыңызға ұсынамыз.

- Университетті қашан таңдау керек?

Шетелдік университетке түсу процесі күрделі және уақытты қажет етеді. Құжаттарды жинау, өтініш беру, түсу емтихандарын тапсыру аз уақытта бітіретін жұмыс емес. Сондықтан ЖОО-н жарты жыл бұрын анықтап алу қажет.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы алғаш рет әлемнің жетекші университеттерінің тізімі бірден 3 жылға бекітілді. Бұл сізге оқуды алдын ала жоспарлауға және ЖОО-ға түсуге сапалы дайындалуға мүмкіндік береді.

- ЖОО рейтингі, оның оқу және ғылыми базасының сапасы

«Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алуға ұсынылатын жоғары оқу орындарының тізімі үш халықаралық академиялық рейтингтің QS, Times Higher Education (THE), Academic Rankings of World Universities (ARWU) сияқты және екі беделді халықаралық академиялық рейтингтің алғашқы 250 позициясының құрамына енді. Бұл өз кезегінде үміткерлерге ЖОО-н таңдауды жеңілдетері сөзсіз.

Осы орайда, мамандығыңыздың пәндік салалары бойынша рейтингтердегі ЖОО-ның позицияларына назар аударуды ұсынамыз.

- Қолайлы бағдарламаның болуы

Ең алдымен, қандай университеттерде Сіздің мамандығыңыз бойынша қолайлы бағдарлама бар екенін анықтап, оқу бағдарламасының сипаттамасын егжей-тегжейлі зерделеуді ұсынамыз. Өйткені бір атаумен ұсынылған бағдарлама әртүрлі тәсілдермен оқытылуы мүмкін. Оның айырмашылықтары - пәндер тізіміне, дәрістер мен тәжірибедегі сағаттар санына, зертханалық зерттеулердің сипатына және т.б. қатысты болады.

Сіздің академиялық профиліңізге сәйкес таңдалған бағдарламалар сапалы білім алуды, қарбалас әрі қызықты студенттік өмірді және жұмысқа орналасудың жақсы перспективаларымен қамтамасыз етеді.

- ЖОО орналасу және шетелде тұру шарттары

Оқу бағдарламасына қатысты талаптармен қатар, тұрғылықты орын да маңызды. Мәселен, университеттің орналасқан жері, түрлері (алқалы, қалалық, кампус), оның мәдени, табиғи нысандарға жақындығы, қоғамдық көліктердің қол жетімділігі.

Естеріңізге сала кетейік, «Болашақ» стипендиясы стипендиаттың оқумен байланысты барлық шығындарын өтейді. Стипендия мөлшері туралы ақпарат www.bolashak.gov.kz сайтында көрсетілген.

Шетелде оқу - бұл әр түрлі салаларда сапалы және терең білім алу мүмкіндігі ғана емес. Бұл сондай-ақ жаһандық әлемге интеграциялану мүмкіндігі, шет тілін терең меңгеру, әртүрлі елдердің тұрғындарымен қарым-қатынас жасаудың баға жетпес тәжірибесі.