Жарияланған күні:
Асхат Әлиев – «Болашақ» бағдарламасының түлегі және көп жылдық тәжірибесі бар инженер.
Ол өзінің кәсіби жолын Қазақстанның жетекші телекоммуникациялық компанияларының бірінде бастады, онда айтарлықтай практикалық тәжірибе жинақтады.
Асхат 13 жылдан астам уақыт бойы 4g және 5g интернетін өрістетумен, сондай-ақ Ubiquity және MikroTik жабдықтары негізінде wi-fi көпірлерін жобалаумен және конфигурациялаумен айналысты.
Асхаттың кәсіби қалыптасуындағы шешуші қадамы Ұлыбританияда «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтуі болды.
Қазақстанға оралғаннан кейін Асхат мансабын жалғастырып қана қоймай, өз білімін жас мамандармен белсенді бөліседі. Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде дәріс оқыды.
Бүгінде Асхат Әлиев «KIA Казахстан» Халықаралық компаниясында жұмыс істейді, онда техникалық қызмет бөлімін басқарады. Ол жоғары технологиялық жабдықты, соның ішінде «KIA» автокөліктерді өндіруге арналған робот жүйелерін орнатуға және техникалық қызмет көрсетуге жауап береді. Заманауи автоөндірісті нөлден бастап құруға қатысу – бұл оның ынта-жігерімен және сенімімен ұштасатын мүмкіндік.
«Біздің команда шанақ элементтерін нүктелік және доғалық дәнекерлеу үшін қолданылатын DOOLIM YASKAWA робот жүйелерін орнатумен айналысады. Бұл роботтар дәнекерлеудің жоғары сапасын, дәлдігі мен тиімділігін қамтамасыз ете отырып, өндірістің негізгі кезеңдерін автоматтандырады. Олар сондай-ақ желіде тұрақты және қауіпсіз жұмыс істеу үшін заманауи басқару жүйелерімен біріктірілген бөлшектерді жылжыту және орналастыру функцияларын орындайды. Бұған қоса, менің міндетіме Корея, АҚШ және Словакиядан келген экспататтармен, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша осындай көптеген зауыттарды іске қосқан шетелдік «KIA» инженерлерімен жұмыс істеу кіреді», - деп атап өтті түлек.
Асхат Әлиев – халықаралық тәжірибені ұлттық даму игілігі үшін сенімді пайдаланатын қазақстандық инженерлердің жаңа буынының өкілі. Оның тарихы - «Болашақ» бағдарламасы арқылы ашылған өзіне деген сенім, мамандыққа деген сүйіспеншілік пен мүмкіндіктердің болашаққа деген нағыз трамплин болуының үлгісі.




