Жарияланған күні:

АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Халықаралық бағдарламалар орталығы жоғары білікті мамандарды дайындау үшін күш біріктіреді

Атырау, 2024 жылғы 27 тамыз – Атырауда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (МӨЗ) өкілдері арасында кездесу өтті. Жиынға «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нен бас директор және басқарма төрағасы Ғалымжан Жусанбаев, сондай-ақ бас директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Сәлімжан Нақпаев қатысты. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ны басқарма төрайымы Әлия Оспанова таныстырды.

Кездесу барысында Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл қадам халықаралық стандарттарға сай келетін кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған.

Халықаралық бағдарламалар орталығы машина жасау, мұнай-газ өнеркәсібі және Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар басқа да негізгі техникалық салалар бойынша мамандарды даярлауға ерекше мән береді. Атырау мұнай өңдеу зауытымен ынтымақтастық шеңберінде «Болашақ» бағдарламасының қатысушылары кәсіби тағылымдамадан және «500 ғалым» ғылыми тағылымдамадан өтуіне, сондай-ақ әлемнің жетекші университеттерінде қайта даярлаудан өтуге мүмкіндікке ие, мысалы: Imperial College London (Ұлыбритания), Стэнфорд университеті (АҚШ), Остиндегі Техас университеті (АҚШ), Норвег ғылым және технология университеті (NTNU) (Норвегия), Калгари университеті (Канада).

Бұл университеттер мұнай-газ кен орындарында мамандар даярлаудағы озық тәжірибелерімен танымал және олармен ынтымақтастық қазақстандық студенттер мен мамандар үшін жаңа көкжиектер ашады. Меморандум аясында Халықаралық бағдарламалар орталығы да зауыт мамандарын қадағалау мен тәлімгерлікпен қоса, арнайы қадағалауды қолдау механизмін әзірлейді.

Жиында бензин мен дизель отынының бағасын төмендету тақырыбы да қозғалды. Атырау мұнай өңдеу зауытының өкілдері мұнай өңдеу тиімділігін арттырып, жаңа технологияларды енгізу арқылы тек тұрақтандыруға ғана емес, жанар-жағармай құнын да айтарлықтай төмендетуге болатынын атап өтті. Бұл ел экономикасына оң әсер етеді. Дегенмен, мұндай нәтижелерге қол жеткізу үшін жұмыс күшінің біліктілігін арттыру және соңғы технологиялық жетістіктерге ілесу үшін жетекші әлемдік орталықтарда оқыту өте маңызды.

Медициналық білім беру орталығының басқарма төрағасы Әлия Оспанова орталықтың «Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратура, докторантура, кәсіби тағылымдамалар және үкіметаралық гранттар, сондай-ақ «500 ғалым» ғылыми тағылымдамалар жобаларымен таныстырды. «Жаһандық сын-қатерлер жағдайында құзіреттілік күн сайын артып, жаңа технологиялар сағат сайын пайда болып жатқанда, қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру және жаңа шешімдерді уақтылы енгізу өте маңызды. Бұл өндіріс тиімділігіне ғана емес, жалпы ел экономикасына да әсер етеді».

Зауыттың бас директоры және басқарма төрағасы Ғалымжан Жусанбаев:
«Халықаралық тәжірибені зерделеу және енгізу мұнай өңдеу секторын дамытудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Тағылымдама біздің мамандарға шетелдік әріптестерден баға жетпес тәжірибе алуға, озық технологияларды қабылдауға және оларды зауытта пайдалануға мүмкіндік береді».

Меморандумға қол қою Қазақстанның стратегиялық мүдделеріне жауап беретін және оның негізгі салаларының дамуына үлес қосатын инженерлік-техникалық кадрларды даярлау бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығына тоқталды.

1.jpg

2.jpg

3.jpg