бакалавр немесе маман дипломы бар. Шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда білім туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәлік не білім туралы құжатты тану туралы өзге де құжат;
бакалавр немесе маман дипломының қосымшасы бойынша орташа балл кемінде GPA 2,67 (4.00/4.33-тен) немесе 5.00-ден 4.00-ге сәйкес келуі тиіс;
бакалаврдың немесе маман дипломы бойынша мамандығы ұқсас мамандықтар тізбесіне сәйкес таңдаған мамандыққа сәйкес келуі тиіс;
еңбек қызметін растайтын құжаттар, сондай-ақ ауылдық елді мекендерде еңбек қызметін жүзеге асырудың соңғы 2 жылындағы аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірме;
В1 деңгейінен кем емес нәтижесі бар ҚАЗТЕСТ бойынша емтихан тапсырғаны туралы жарамды ресми сертификат;
белгіленген минималды талаптарға сәйкес нәтижемен шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификат;
шетелге шығатын тұлғалар үшін 072/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама ұсынады;