Жарияланған күні:
Австралия мемлекеті «Спутник V» вакцинасын алғандарға елге кіруге рұқсат берді Австралияның ішкі істер министрлігі «Спутник V» коронавирустық вакцинасының екі дозасын алғандарды елге кіргізетін болды.
Сондай-ақ, хабарламада соңғы екпе алғаннан кейін кемінде жеті күн өтуі керек деп көрсетілген. Сонда ғана келуші толығымен екпе алған болып саналады. Шетелден келгендердің толық вакцинацияланғаны туралы сертификаты болуы керек.
Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың қаңтар айында «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакциналарға қолжетімділік қамтамасыз етілді.
Осындай шешімнің арқасында «Болашақ» стипендиясының иегерлері ДДҰ мақұлдаған вакциналар рұқсат етілген елдерге кедергісіз кіре алады.