Жарияланған күні:

«БОЛАШАҚ» ТҮЛЕГІ АУЫЛ ОҚУШЫЛАРЫНА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕТЕТІН БАҒДАРЛАМА ЖАСАП ШЫҒАРДЫ

Жетісу облысы Жансүгіров ауылындағы орта мектеп мұғалімі Бақытгүл Бейсетбаева ағылшын тілін үйретудің авторлық оқу құралын жасап шығарды.

Бақытгүл Ұлыбританияның үздік жоғары оқу орны – Рединг университетінің магистратурасын «Қолданбалы лингвистика» мамандығы бойынша тәмәмдады. Шетелде оқуын аяқтағаннан кейін жас педагог туған ауылына оралды. Қазір ол ауыл мектебінде ұстаздық етеді.

Бақытгүл 14 жылдан бері қазақ және орыс сыныптарына ағылшын тілі пәнінен сабақ беріп қана қоймай, көптеген оқу құралдарын зерттеген. Әрі ауыл балаларына ағылшын тілін үйретудің авторлық әдістемелік құралын жасап шығарды.

«Қай жерде жүрсем де еліме көмек көрсетемін деген ұстанымым бар. Өз мектебімді жаңғыртып, осы балалардың деңгейін көтеруге үлесімді қосқым келеді», - дейді Бақытгүл.

Жалпы «Болашақ» бағдаламасымен білім беру саласы үшін 1058 маман даярланды. Бүгінде олар бастауыш, орта, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында еңбек етіп жүр.