Жарияланған күні:
Денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм, агроөнеркәсіптік кешен салаларында жұмыс істейтіндер, мектеп, колледж педагогтері, инженер-техниктер, мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері «Болашақ» бағдарламасы арқылы біліктілігін арттырады.
2023 жылы «Болашақ» арқылы тағылымдамадан өтуге 110 стипендия бөлінді, кандидаттар конкурстық негізде іріктеледі.
Үміткерлердің жалпы жұмыс өтілі үш жылдан кем болмауы керек. Соңғы 12 айда таңдаған мамандығы бойынша жұмыс істеуге тиіс. Сонымен қатар үміткер шетелдік ұйымнан шақыртуды өз бетінше алады және шет тіл мен мемлекеттік тілден сертификат тапсырады.
Тағылымдама бойынша үміткерлер кепілге мүлік қоймайды. Міндеттемелерді орындау үшін екі гарант ұсыну ғана жеткілікті. Соңғы 12 айда тұрақты табысы бар, жасы 50-ге толмаған ҚР азаматы үміткерге гарант бола алады.