Жарияланған күні:

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы Әлия Оспанова Қазақстанның Экономикалық зерттеулер институтының басқарма төрағасы Руслан Сұлтанов пен «Болашақ» бағдарламасының түлегі Әділ Құсмановпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар «Болашақ» бағдарламасының стипендиясының мөлшерін қайта қарау, жетекші халықаралық ұйымдарда, институттар мен сараптамалық орталықтарда ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігін, бірлескен іс-шараларды өткізуге қатысты мәселелерді талқылады.

Әлия Оспанова «Болашақ» халықаралық стипендиясының жаңа Даму стратегиясы және экономиканың нақты секторы үшін кадрлар даярлау туралы айтты.

Жаңа Стратегияның бір бөлігі ретінде зерттеу процесін жақсарту үшін топтық тағылымдамалар қолжетімді болмақ.

Руслан Сұлтанов: «Институт Орталықтың серіктестерімен халықаралық байланыс орнату аясында Халықаралық бағдарламалар орталығымен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі. Экономика саласындағы халықаралық сарапшылармен семинарлар мен тренингтер өткізу блогы да қызық»- деп, институттың бірнеше қызметкері «Болашақ» бағдарламасының түлектері екенін және қазіргі уақытта «500 ғалым» бағдарламасы бойынша 4 қызметкер ғылыми тағылымдамадан өтіп жатқанын атап өтті.

Кездесу нәтижесінде ғылыми зерттеулерді дамытуға және қазақстандық студенттер мен жас мамандардың білім алу мүмкіндіктерін жақсартуға бағытталған ынтымақтастық жоспарлары мен жобаларды әзірлеу мәселелері шешімін тапты.

1.png

2.png

3.png