Жарияланған күні:

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЛИНГВИСТ-ҒАЛЫМДАРЫН ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАЛАР АЯСЫНДА ОКСФОРДҚА ЖІБЕРЕДІ

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ кеңсесінде А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Мұратқызымен кездесу өтті. Кездесуде қазақстандық лингвист ғалымдарды «500 ғалым» ғылыми тағылымдамалар аясында қазақ тілін зерттеу үшін Оксфордқа жіберу мәселелері талқыланды.

Айта кетейік, бұған дейін А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, Ш.Шаяхметов атындағы «Til Qazyna» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ және Оксфорд университеті арасында Оксфорд университетінде қазақ тілін зерттеу бағдарламасын іске қосу туралы меморандумға қол қойылды. Бағдарлама Oxford Birsöz Initiative CIC бастамасы арқылы әртүрлі колледждермен және факультеттермен ынтымақтастықты қамтиды.

Oxford Birsöz Initiative-студенттердің, қызметкерлердің және жалпы Оксфорд қауымдастығының игілігі үшін түркология мен Орталық Азияны зерттеу саласындағы байланыстар мен серіктестіктерді дамытатын өзін-өзі басқаратын қоғамдық ұйым.

Басқарма төрағасы Әлия Оспанова: «Біз бұл ынтымақтастық қазақстандық ғалымдар үшін жаңа көкжиектер ашатынына және ғылым саласындағы халықаралық байланыстарды нығайтатынына сенімдіміз.» деп атап өтті.

Анар Мұратқызы ынтымақтастық мүмкіндігі үшін алғыс білдіріп, Қазақстанда ғылым мен білім беруді дамыту үшін осындай бастамалардың маңыздылығын атап өтті.

фото.jpg