Жарияланған күні:
ХБО басқарма төрағасы Олжас Сәкеновтың Алматы қаласындағы жұмыс сапары аяқталды.
Орталық басшысы бірқатар ғылыми-зерттеу институты мен қаланың жетекші жоғары оқу орындарына, атап айтқанда ҚазҰПУ, ҚазҰАУ, ХАТУ, Narxoz, AlmaU-ға барды. Сапардың мақсаты – ғылыми және білім беру мекемелерінің қызметкерлері үшін «Болашақ» бағдарламасының мүмкіндіктерін және «500 ғалым» санаты бойынша тағылымдамаға құжат тапсыру туралы ақпараттандыру. Олжас Сәкенов «Болашақ» бағдарламасына құжаттарды тапсыру мерзімі, қазақстандық жоғары оқу орындары және ҒЗИ-мен ынтымақтастық, сондай-ақ алдағы уақытта болатын өзгерістер туралы айтып берді.
Еске сала кетейік, биылдан бастап Халықаралық бағдарламалар орталығының бастамасымен квота санаты үшін іріктеу ережелері жетілдірілді. Осы тұрғыда қазақстандық дәрігерлер мен инженерлік-техникалық қызметкерлер «Болашақ» бағдарламасы аясында 12 айға дейін тілдік дайындықтан тегін өте алады. Бұдан басқа, 2023 жылғы 28 тамыздан 13 қазанға дейін ғылыми тағылымдамаларға құжаттарды қабылдау бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.