Жарияланған күні:

BEIJING GENOMICS INSTITUTE ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Халықаралық бағдарламалар орталығының кеңсесінде Beijing Genomics Institute (BGI) ғылыми-медициналық компаниясының делегациясымен кездесу өтті. Делегация құрамында Павел Наталин – бизнесті дамыту жөніндегі менеджер, Евгений Фальчук – аймақтық сату менеджері және Чжун Юмин – жоба менеджері.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әлия Оспанова делегацияны қарсы алып, «Болашақ» халықаралық стипендиясы, «500 ғалым» ғылыми тағылымдамасы, үкіметаралық гранттар, сондай-ақ «Study in KZ» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

BGI өкілдері өз қызметі мен жетістіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Пекин геномика институты Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жетекші компания болып табылады және әлемдік рейтингте ТОП 10-ға кіреді. Компания 1999 жылы Қытай тарапынан адам геномының шифрын ашу жобасына қатысу үшін құрылған және 23 жыл бойы геномика саласында және ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарды біріктіретін BGI Group халықаралық холдингіне айналды.

Кездесу барысында тараптар ғылыми тағылымдамалар мен академиялық кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Келесі келісімдерге қол жеткізілді:

  1. Тағылымдамалар және академиялық оқу: Қазақстандық студенттер мен мамандар BGI университеттерінде мен зертханаларда оқи алады және тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болады.
  2. Түлектерді жұмысқа орналастыру: Қазақстанда зертханалар ашылғаннан кейін түлектер өз елінде ғылыми зерттеулер мен технологияның дамуын жалғастыра отырып жұмыс істей алады.

BGI-мен ынтымақтастық Қазақстанның ғылымын, білім және экономика салаларды дамыту үшін кең перспективалар ашады.

Анықтама үшін: BGI Group құрамына ғылыми-зерттеу институттары, оқу орындары, сондай-ақ клиникалық шешімдермен, дербестендірілген медицинамен және ауылшаруашылық технологияларымен айналысатын коммерциялық бөлімшелер кіреді.

BGI технологиялық серіктес және инвестор бола отырып, 30-дан астам елде 100-ден астам бірлескен зертханаларды, медициналық орталықтарды және өндірістік нысандарды ашты.

фото 1.jpg

фото 2.jpg