Жарияланған күні:

Беларусь ЖОО-ларында оқуға арналған гранттар

Қазақстандықтарға Беларусь ЖОО-ларында магистратура, бакалавриат және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға арналған гранттар ұсынылады. Өтінімдер 2023 жылғы 25 сәуірге дейін eGov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады.

Қазақстан азаматтарына 6 грант бөлінді:

  • бакалавриат - 3
  • магистратура - 2
  • докторантура – 1

Беларусь Республикасының жоғары оқу орындарында оқыту орыс тілінде өтеді.

Үміткерлерді іріктеудің негізгі критерийлері:
1) балдық жүйе бойынша білім туралы құжаттың орташа балы;
2) тәуелсіз сараптамалық комиссияның бағасы.

Ережелермен келесі сілтемеден танысуға болады: http://adilet.zan.kz/rus/docs/V080005499

Құжат тапсыру бойынша жадынама

ҚР азаматының сауалнамасы

Өтініш