Жарияланған күні:

Беларусияда оқуға 6 грант бөлінді

2022 жылғы 6 мамырға дейін Беларусь Республикасының жоғары оқу орындарына бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға құжаттар қабылдау жүргізіледі.

Қзақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Беларусь Республикасының Білім министрлігі арасындағы Келісім аясында, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Беларусь Республикасының жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға құжаттарды қабылдауды жариялайды.

Қазақстандық азаматтарға 6 грант бөлінді:

  • «бакалавр» білім беру дәрежесі бойынша – 3 грант;
  • «магистр» білім беру дәрежесі бойынша – 2 грант;
  • «доктор» білім беру дәрежесі бойынша – 1 грант.

Грант келесі шығындарды қамтиды:

  • тегін оқу;
  • стипендия сессия қорытындысы бойынша төленеді. Медициналық көмек, виза, ұшу және тұру білім алушының өз есебінен өтеледі.

Беларусь Республикасында оқуға арналған жоғары оқу орындары мен мамандықтардың тізімі:

«Бакалавриат» бағдарламасы бойынша оқуға гранттар:

  1. «А.С.Пушкин атындағы Брест мемлекеттік университеті», «Биоэкология» мамандығы, (орын саны -1);
  2. «Барановичи мемлекеттік университеті», «Үш өлшемді технологиялар негізінде бұйымдар өндіру» мамандығы, (орын саны -1);
  3. «Поллес мемлекеттік университеті», «Физикалық оңалту және эрготерапия (физикалық оңалту)» мамандығы, (орын саны -1).

«Магистратура» бағдарламасы бойынша оқуға гранттар:

  1. «П.О.Сухой атындағы Гомель мемлекеттік техникалық университеті», «Машина жасаудағы инновациялық технологиялар» мамандығы, (орын саны -1);
  2. «Беларуссия мемлекеттік технологиялық университеті», «Биотехнология және фармацевтикалық өндіріс» мамандығы, (орын саны -1).

«Докторантура» бағдарламасы бойынша оқуға грант»:

  1. «Поллес мемлекеттік университеті», «Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, спорттық жаттығулар, сауықтыру және бейімді дене шынықтыру» мамандығы, (орын саны -1); Беларусь Республикасының жоғары оқу орындарында оқу орыс тілінде жүргізіледі.

Қазақстан тарапынан үміткерлерді іріктеу келесі турлардан тұрады: 1) Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен үміткерлердің дербес әңгімелесуін онлайн режимде өткізу. 2) Үміткерлердің материалдарын қарау және Қорытынды комиссияның шешім шығаруы.

Үміткерлерді іріктеу үшін негізгі критерийлер болып табылады: 1) баллдық жүйе бойынша шет тілін білу деңгейі; 2) білім туралы құжаттың баллдық жүйе бойынша орташа баллы; 3) тәуелсіз сараптамалық комиссиясының бағалауы.

Жіберу қағидаларының 17-тармағына сәйкес, халықаралық шарттар/келісімдер аясында үміткерлерді шетелде оқуға іріктеген кезде тең баллмен басымдыққа ие (келесі ретпен):

1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

2) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін) ұсынған, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті шетелдік білім беру ұйымдарында оқуға болатын бала кезінен мүгедектер және мүгедек балалар;

3) көп балалы отбасынан шыққан балалар;

4) ауылдық елді мекендерден ауылдық елді мекендерде соңғы 2 (екі) жыл тұратын үміткерлер;

5) шетелдік жоғары оқу орындарынан шақыруы бар үміткерлер, сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарында білім алушылар.

21-тармақтың 4) тармақшасына сәйкес конкурс жеңімпазмен шетелде академиялық оқуды аяқтағаннан кейін міндетті түрде Қазақстан Республикасына қайта оралып, 1 (бір) жыл мерзімге үздіксіз еңбек қызметін жүзеге асыру туралы шарт жасалады.

Назар аударыңыз!!! Құжаттарды тапсыру бойынша толық ақпаратпен жадынамадан танысуға болады.

Құжаттардың толық пакеті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-на қолма-қол тапсырылады. Еске сала кетейік, құжаттарды үміткердің жеке өзі немесе оның сенім білдірілген адамы тапсыра алады. Құжаттарды үшінші тұлға тапсырған жағдайда, өкілде үміткерден нотариалды куәландырылған сенімхат түпнұсқасының болуы міндетті.

Қосымша ақпаратты келесі телефон нөмірі арқылы алуға болады: +7 (7172) 76-90-76

Ережелермен мұқият танысуыңызды сұраймыз http://adilet.zan.kz/rus/docs/V080005499_

Құжаттарды тапсыру бойынша нұсқаулық

ҚР азаматының сауалнамасы

Өтініш