Жарияланған күні:

Бельгия университетімен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Халықаралық бағдарламалар орталығында Бельгияның үздік ЖОО-ларының бірі - Ghent University өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесуде қазақстандықтардың «Болашақ» бағдарламасымен академиялық білім алуы, отандық ғалымдардың ғылыми тағылымдамалардан өтуі жөніндегі Бельгия университетімен ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Іс-шара соңында тараптар бірлескен халықаралық білім беру жобалары саласындағы серіктестікті одан әрі дамытуға ниет білдірді.