Жарияланған күні:
Бүгін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкеновтің Қазақстандағы Швеция Корольдігінің елшісі Ева Пуланомен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар жоғары білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты, «Болашақ» бағдарламасын және отандық ғалымдар үшін ғылыми тағылымдамаларды іске асыру туралы талқылады.
Сонымен қатар, Олжас Сәкенов Халықаралық бағдарламалар орталығының міндеттерінің бірі әлем бойынша білім беру және ғылыми ұйымдармен серіктестікті дамыту деп атап өтті.
Кездесу нәтижесінде, тараптар ынтымақтастықтың барлық өзара тиімді бағыттары бойынша белсенді байланыс орнатуға дайын екендіктерін растады.