Жарияланған күні:
Мажарстандық азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы (FAO) 2023-2024 оқу жылына арналған «Ауыл шаруашылығындағы су ресурстарын инженерлік басқару» және «Биотехнология» саласында магистратура бағдарламасы бойынша оқу үшін білім гранттарына конкурс жариялайды.
Оқу Мажарстанның Ауыл шаруашылық және өмір туралы ғылым университетінде өтеді. Грант оқу, тұру, медициналық сақтандыру шығындарын қамтиды, сондай-ақ студенттерге стипендия төленеді.
Конкурсқа қатысуға өтінім 28 ақпанға дейін қабылданады. Құжат қабылдау мен конкурстық іріктеуді қабылдаушы тарап өткізеді. Үміткерлерге қойылатын талаптар мен өтінім беру туралы толық ақпарат мына сайтта жарияланған: https://www.fao.org/europe/events/detail-events/en/c/1628534
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда үміткерлер ЕО және Мажарстан ауыл шаруашылығы ФАО істері департаментінің жоба үйлестірушісі Агнеш ШАРКАДИ-САБО-ға (Agnes SARKADI-SZABO) мына электронды мекенжай: agnes.sarkadi@am.gov.hu арқылы хабарласа алады.