Басты бет > BOLASHAQNEWS > 16 ШІЛДЕДЕ «ҚАЗТЕСТ» ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДА КӨШПЕЛІ СЕРТИФИКАТТАУ ТЕСТІ ӨТЕДІ

Жарияланған күні:

16 ШІЛДЕДЕ «ҚАЗТЕСТ» ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДА КӨШПЕЛІ СЕРТИФИКАТТАУ ТЕСТІ ӨТЕДІ

Құрметті үміткерлер!

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлердің «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау үшін АҚ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК Атырау қаласында көшпелі сертификаттық тестілеу өткізеді.

2021 жылғы 16 шілде күні, I кезек сағат 09-30-бен –13-00 дейін, II кезек сағат 13-30-дан – 17-00-ға дейін. Мекен жай: Атырау қаласы, ««Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті», Баймұханов көшесі, 45 А, 4 қабат, 401 аудитория.

Маңызды ақпарат: тестілеуге үміткер, жеке куәлік түпнұсқасын, қаламсап, өшіргіш және «КАЗТЕСТ» тестілеуі бойынша төлем жасалған түбіртегін алып келу тиіс. Сонымен қатар, тестілеуге кешіккен үміткерлер, емтиханға кіргізілмейді.

Үміткерлер тестілеу кезінде барлық санитарлық нормалар мен талаптарды сақтауы керек және өзімен бірге маска, антисептик, медициналық қолғаптары болуы тиіс.

Тестілеу өту уақыты туралы хабарлама тіркеуден өткен үміткерлердің e-mail почталарына жіберілетін болады. Уақыт туралы хабарлама болмаған жағдайда көрсетілген телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: + 7 (7172) 76 90 82, эл. почта: nurmanov@bolashak.gov.kz

ҚАЗТЕСТ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ТЕСТІЛЕУ ТӨЛЕМАҚЫСЫН АУДАРУҒА АРНАЛҒАН ДЕРЕКТЕМЕЛЕР http://kazakhtest.kz/apply/rekvizity-dlya-oplaty-za-provedenie-testirovaniya-po-sisteme-kaztest.php (Қызмет ақысы – 4 841 теңге)