Басты бет > BOLASHAQNEWS > «Болашақ» бағдарламасы басым мамандықтарының тізімі кеңейтілді

Жарияланған күні:

«Болашақ» бағдарламасы басым мамандықтарының тізімі кеңейтілді

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің өтініші бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесіне қосымша 18 мамандық енгізілді. Ол мамандықтар тағылымдамадан өтуге арналып, мына бағыттар ішінде жүзеге асырылады: «Математика», «Биология, молекулалық биология», «Ветеринария», «Компьютерлік лингвистика», «Ауыл шаруашылығы», «Құрылыс», «Жобалау», «Шахта құрылысы», «Су өткізу саласы», «Физика», «Байланыс және ақпарат тарату жүйесі», «Радиотехнология», «Механика», «Статистика», «Есептеу технологиясы» «Антропология», «Орман ресурстарын қорғау» және «Вакцинология».

Айта кетейік, 8 мамандық атауын кеңейту арқылы қолданыстағы аралас мамандықтарға енгізілсе, 10 мамандық жаңа мамандықтар ретінде қосылды.

2021 жылға арналған Жаңартылған тізбе жобасы тағылымдамадан өтуге арналған 147 мамандықты көздейді. Оның ішінде 14 – Инновация және жаңа технологиялар, 28 – Индустриялық инженерия, 9 – Жаратылыстану ғылымдары, 40 – Әлеуметтік ғылымдар, 9 – Білім беру, 37 – Медицина және 13 – Креативті индустрия бағыттарын қамтиды. 2021 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға 1055 стипендия бөлінді. Оның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, спорт саласының қызметкерлері, педагогтер, мемлекеттік қызметшілер, инженер-техниктер үшін 5 санат бойынша тағылымдамадан өтуге 110 стипендия бөлінді. «Ғалымдар» тағылымдамалар санаты бойынша 500 стипендия берілді.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2021 жылғы 28 қазанға дейін жалғасады.