Жарияланған күні:
Халықаралық бағдарламалар орталығында 2023 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесінің жобасын талқылау бойынша сараптамалық сессия өтті.
Талқылауға білім, ғылым, медицина саласының сарапшылары, мемлекеттік органдардың және бизнес өкілдері, сонымен қатар жұмыс берушілер қатысты. Көптеген конструктивті ұсыныстар айтылды. Сарапшылар геология, сейсмология, гидрология, жерге орналастыру және т. б. сияқты өзекті бағыттар бойынша мамандықтар тізімін кеңейтуді ұсынды.
Бұған дейін құжат жобасын әзірлеу үшін біз мемлекеттік органдардан, квазимемлекеттік және жеке ұйымдардан жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларға қажеттіліктері бойынша кеп түскен 120-дан астам өтінімге талдау жүргіздік. Бұл жерде кадр нарығының ортамерзімді болжамы да ескерілді.
«Болашақ» бағдарламасы бойынша басым мамандықтар тізбесінің жобасында академиялық оқуға 87 мамандық, тағылымдамадан өтуге 154 мамандық қарастырылған.