Басты бет > BOLASHAQNEWS > «Болашақ» бағдарламасы түлектері мен жұмыс берушілердің форумы

Жарияланған күні:

«Болашақ» бағдарламасы түлектері мен жұмыс берушілердің форумы

2021 жылғы 30 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында «Болашақ» бағдарламасы түлектері мен жұмыс берушілердің форумы өтеді.

Онда Қазақстанның белгілі жұмыс беруші компаниялары спикер ретінде сөз сөйлеп, өздерінің тәжірибелерін айтады. Отандық және халықаралық ұйымдардың өкілдері соңғы трендтерді талқылап, еңбек нарығын дамытудың келешегіне көз жүгіртіп, «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің түрлі салаларды дамытудағы рөлі туралы әңгімелейді.

Біздің спикерлер: ПАНЕЛЬДІК СЕССИЯ

«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

  1. Асхат Аймағамбетов - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі (келісім бойынша);
  2. Айнұр Кәрібозова – «Болашақ» бағдарламасының түлегі, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті ;
  3. Олжас Құдайбергенов – «Стратегиялық бастамалар орталығы» ЖШС аға серіктесі;
  4. Диана Әмірбекова - Қазақстан-Британ техникалық университетінің интернационалдандыру және стратегиялық даму жөніндегі директоры;
  5. Сұлушаш Керімқұлова - Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің қауымдастырылған профессоры;
  6. Али Айт Си Мхамед - Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің қауымдастырылған профессоры;

Модератор: Сәуле Кемелбаева – «Болашақ» бағдарламасының түлегі, М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті Жоғары экономика мектебінің қауымдастырылған профессоры.

ПАНЕЛЬДІК СЕССИЯ: ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ СӨЗІ

  1. Наталья Пан - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі;
  2. Әсем Нүсіпова - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Вице-министрі;
  3. Мұхтар Манкеев – «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару және әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі Басқарушы директоры;
  4. Кәмшат Байжанова – «Теңізшевройл» ЖШС адам ресурстарын басқару жөніндегі бас менеджері;
  5. Әсия Кәрібай – «Астана» халықаралық қаржы орталығы Басқарма төрағасы аппаратының басшысы;
  6. Исламбек Салжанов - Қазақстан блокчейн-технологиялары ассоциациясы Президиумның Төрағасы;
  7. Нұрлан Дулатбеков – Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры;
  8. Лаура Қарабасова - Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің ректоры.

Модератор: Мейрамгүл Мадали – «Atameken Business» арнасының тележүргізушісі, кәсіпкер.

Форумға онлайн форматта қатысуға шақырамыз. Біздің Facebook және Instagram аккаунттарымызда трансляциялар жасалады.