Жарияланған күні:
«Болашақ» бағдарламасы түлектерінің Павлодар және Түркістан облыстары жалпы білім беретін мектептерінің бітіруші сынып оқушыларына арналған «Өскенде кімі боласын?» атты тәлімгерлік жобасы басталды.
«Болашақ» бағдарламасының 50-ге жуық түлегі жоғары сынып оқушыларына болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі. 9-11 сынып оқушыларына мамандықты таңдауға көмектесуге ниет білдірген болашақтықтар жобаға қатысады. Сондай-ақ, олар әлемнің үздік жоғары оқу орындарында алған білімі мен дағдыларымен бөліседі.
«Еліміздің ауылдары мен шалғай өңірлерінен балаларды қолдау білім берудің аса маңызды мәселелерінің бірі болып табылады, сондықтан біз «Өскенде кім боласын?» жобасын іске қостық. Биыл біз жобаның төртінші кезеңін өткізіп жатырмыз. Бұған дейін болашақтықтар Қазақстанның 335 жалпы білім беретін мектебінің жоғары сынып оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру семинарларын тегін өткізген болатын. Манчестер, Оксфорд, Гарвард және әлемнің басқа да беделді жоғары оқу орындарының түлектері балалар үшін воркшоптар, семинарлар өткізді, шетелде алған білімі мен тәжірибелерімен бөлісті. Тәлімгерліктің арқасында жоғары сынып оқушыларына болашақ мамандықты таңдау әлдеқайда оңай болады деп үміттенеміз»,- деп хабарлады «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.
Стипендиат-тәлімгерлердің қатарында инженерлік-техникалық, медициналық, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының докторлары бар.
«Мен үлгі боларлық тұлғаның болғаны қаншалықты маңызды екенін атап өткім келеді, осындай адамдар мені шабыттандыратын, енді тәлімгерлік жобаның көмегімен өзім де жас ұрпаққа үлгі болғым келеді. Өз жолыммен бөлісіп, кез келген нәрсе мүмкін екенін және өзіңе және өз күшіңе сенудің маңыздылығын көрсеткім келеді», - деп атап өтті «Болашақ» стипендиялық бағдарламасының түлегі, Сулейман Демирель атындағы университет оқытушысы Сабина Сәрсембаева.
Бұл жобаға тәлімгерлер өтеусіз негізде қатысады.