Жарияланған күні:

«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҮМІТКЕРЛЕРІ ҮШІН ТЕГІН ФРАНЦУЗ ТІЛІ КУРСТАРЫНАН ӨТУГЕ ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Қазақстандық техникалық қызметкерлер мен IT-мамандар бір жыл бойы тегін француз тілі курстарынан өте алады.

Тілдік дайындық Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларында орналасқан Француз Альянсының орталықтарында өтеді.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы және Францияның Қазақстандағы Елшілігі арасындағы келісімнің арқасында қазақстандық техникалық қызметкерлер мен IT-мамандар бір жыл бойы тегін француз тілі курстарынан өтуге мүмкіндік алды. Бұл француз тілін бастауыш деңгейден меңгеруді қалайтындар үшін, сондай-ақ кәсіби деңгейде меңгеруге ниет білдіретіндер үшін тамаша мүмкіндік», - деп атап өтті Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.

Конкурстық іріктеуге жасы 35-ке толмаған инженерлік-техникалық саладағы жас мамандар қатыса алады. Сонымен қатар, үміткерлер дипломының орташа балы - GPA кемінде 4.00-ден 3.00 болуы керек.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер биылғы жылғы 25 маусымына дейін қабылданады.

Конкурстық іріктеу мен тілдік дайындықты Францияның Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен Француз Альянсы өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдан бастап инженерлік-техникалық қызметкерлер «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына жеңілдетілген шарттармен қатысады. Техникалық қызметкерлер құжат тапсырған кезде шетелдік ЖОО-ға өз бетімен түсуге міндетті емес. Олардың стипендия тағайындалғаннан кейін бағдарлама аясында білім алуға ұсынылған университеттер тізімінен оқу орнын таңдауға мүмкіндігі бар.

Жадынама