Жарияланған күні:

«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША TELEGRAM БОТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Халықаралық бағдарламалар орталығы «Болашақ» бағдарламасының үміткерлері, стипендиаттары, түлектері үшін Bolashaq.Cip Telegram ботын іске қосты. Халықаралық бағдарламалар орталығының ботына келесі сілтеме арқылы өтуге болады: https://t.me/tlg_Bolashaq_bot.

«Болашақ» бағдарламасының үміткерлерімен, стипендиаттарымен, түлектерімен кері байланыстың тиімділігін арттыру үшін Telegram мессенджерінде бот іске қостық. Халықаралық бағдарламалар орталығының «Bolashaq.Cip» ботына келесі сілтеме арқылы өтуге болады: https://t.me/tlg_Bolashaq_bot

Арнадан шетелдік ЖОО-ларға түсу туралы барлық қажетті ақпаратты, «Болашақ» стипендиясын тағайындауға конкурстық іріктеуге дайындық жөнінде кеңестерді алуға болады.

Стипендиаттар бот арқылы оқу шартын жасау үшін қажетті құжаттардың тізімін, стипендияны есептеу, шығындарды аванстау, кепілді ауыстыру және т.б. көптеген мәлімет алады. Сонымен қатар стипендиаттардың арна арқылы жеке куратормен байланысып, өз сұрақтарын қоюға мүмкіндігі бар. Оған қоса, олар оқу және тағылымдамадан өтуге шарт жасау үшін Халықаралық бағдарламалар орталығына баруды алдын ала брондай алады.

«Болашақ» бағдарламасы түлектерінің арнайы калькулятордың көмегімен еңбекпен өтеу мерзімін есептеуге, кепіл мүлкінің ауыртпалығын алып тастау туралы ақпаратты алуға және жұмысқа орналасуға өтінім қалдыруға мүмкіндігі бар.

Бұл жаңашылдық біздің орталықпен байланысты жақсартады деп үміттенемін. Осы ретте, кеңес беруге әркезде ашық екенімді естеріңізге саламын. Сонымен бірге, менімен тікелей байланысуға болатынын атап өткім келеді. WhatsApp: +7 776 125 5771», - деп хабарлады «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.

https://www.facebook.com/azhangozin/posts/pfbid0y73uhzUa5rDMC36XfCFCncnqSzm2vbwbfDzsFegonxST55raQeyLxvGMDQf5mSCcl