Жарияланған күні:
«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері Нұргүл Маханбаева Республика күніне орай челлендж бастады, болашақшылар оны әлеуметтік желілерде белсене қолдады. Акцияның мақсаты – әлеуметтік желілерде #Bolashaq_Republic_Day #bolashaqkz #МеніңТуым #МеніңБолашағым деген хэштегтерді белгілей отырып, мемлекеттік тумен түскен суреттерін жариялау.
«Мен АҚШ-та Калифорния университетінде білім алып жатырмын. Шетелде болған уақытта патриоттық сезіміміз ерекше артып, ұғынамыз. Республика күні қарсаңында болашақшылар арасында челлендж бастадым. Өйткені біздің аспан түстес көгілдір жалауымыз – біздің мақтанышымыз, бұл туралы отандастарымыз ғана емес, шетелдіктер де айтады әрі біз оны мақтан тұтамыз. Біз өзімізге берілген әлемнің үздік жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндіктерін жоғары бағалаймыз», - деді Нұргүл.
Бұған қоса, шетелде оқитын «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары Қазақстан Республикасының әнұранын орындап, бейнеролик түсірді/
Қазіргі таңда «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде шетелде шамамен 1200 қазақстандық әлемнің жетекші шетелдік жоғары оқу орындары мен ұйымдарында білім алып, тағылымдамадан өтіп жатыр.