Жарияланған күні:

БОЛАШАҚ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ СТИПЕНДИАТЫ РАХАТ-БИ ӘБДІСАҒИН ЛОНДОННЫҢ ҚҰРМЕТТІ МУЗЫКАНТТАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ КҮМІС МЕДАЛІНІҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

“Болашақ” бағдарламасының стипендиаты Рахат-Би Абдысагин Лондон музыканттарының Құрметті компаниясының 2024 жылғы беделді Күміс медалін иеленген алғашқы қазақстандық атанды. Бұл марапат – Ұлыбританияның ең көне әрі ең маңызды сыйлықтарының бірі. Салтанатты марапаттау рәсімі қараша айының ортасында Ұлыбритания астанасында өтті.

1889 жылы негізі қаланған Күміс медаль жыл сайын Ұлыбританияның жетекші консерваторияларының студенттері арасынан таңдалған ең үздік жас музыканттарға табысталады.

2024 жыл Рахат-Би Абдысагиннің шығармашылық мансабындағы маңызды кезеңдердің бірі болды. Ақпан айында ол Ұлыбританияның төрт соборында The Bruce операсының әлемдік премьерасын ұсынды. Бұл опера Рахат-Бидің “Болашақ” бағдарламасы аясында Шотландияның Корольдік консерваториясы мен Сент-Эндрюс университетіндегі докторлық зерттеулерінің негізгі бөлігі болып табылады.

Сондай-ақ, Рахат-Бидің “Кванттық механика және авангардтық музыка” атты кітабының беделді неміс баспасы Springer-де жарық көруі де жарқын оқиға болды. Физика мен эксперименттік музыканың тоғысында жазылған бұл бірегей зерттеу ғылыми және музыкалық ортада үлкен қызығушылық тудырды. Автор Нидерланды мен Германияның жетекші университеттерінде, соның ішінде Гейдельберг пен Амстердамда кітаптың тұсаукесерлерін өткізді. Сонымен қатар, кітап Ұлыбританияның ең ірі және танымал кітап дүкендерінің бірі – Оксфордтағы кітап дүкенінің сөрелерінде ұсынылған.

«Мен математика, физика және музыканың арасындағы байланыстың қаншалықты терең екенін көрсеткеніме қуаныштымын. Бұл – өнер мен ғылымдағы жаңа идеяларға шабыт», – деп атап өтті композитор кітаптың тұсаукесерінде.

Рахат-Би Абдысагин Еуропа, Азия және Америкадағы әйгілі концерт залдарында орындалатын 150-ден астам музыкалық туындылардың авторы болып табылады.

1.jpg

2.jpg

3.jpg

4.jpg

7.jpg

5.jpg