Жарияланған күні:
«Болашақ» стипендиаты Мұхтар Исаев құнды мұраны Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде тағылымдамадан өтіп жүрген кезінде тапқан. Қазақ халқының көрнекті қоғам қайраткері, Алаш зиялысы Жаһанша Досмұхамедов дипломдық жұмысын 1910 жылы Императорлық Мәскеу университеті заң факультетін бітіру кезінде қорғаған.
Тарихи мұра төрт бөлімнен тұрады және қазақ мемлекеттілігі мен оның құқықтық негіздерін сипайттайды. Ал автор оларға теориялық тұжырым жасайды. Ғалым-«Болашақ» стипендиаты Мұхтар Исаевтың айтуынша, құжаттың ғылыми тұрғыдан маңызы зор.
Зерттеушінің архивтерде әлі де Қазақстан тарихына жарық түсіретін көптеген құжаттар сақталғанына сенімі мол. Құнды құжат тарихымыздың талай қатпарларын терең тануға мүмкіндік береді.