Жарияланған күні:
Бүгін «Болашақ» бағдарламасының түлегі Дана Тоқмырзина Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы болып сайланды.
Дана Айтмағанбетқызы Queen Mary University of London университетінде «Құқық» мамандығы бойынша магистратураны аяқтады.
Дана Айтмағанбетқызы - заң ғылымдарының кандидаты, салық, кеден және кәсіпкерлік құқық саласындағы маман, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның директорлар кеңесінің мүшесі және тәуелсіз директор бола отырып Орталықтың дамуына белсенді қатысты.
Түлегімізді құттықтаймыз және кәсіби қызметіне табыс тілейміз!
Құрметпен,
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ