Жарияланған күні:

«БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА – 29 ЖЫЛ

«Болашақ» стипендиясы 1993 жылғы 5 қарашада құрылған. Президенттік стипендия жүзеге асырылған 29 жыл ішінде 11 мың 800-ден астам жоғары білікті маман даярланды. Бағдарлама түлектері экономиканың әр түрлі секторларында еңбек етіп жүр.

Білім саласы үшін «Болашақ» бағдарламасымен мыңнан астам кадр дайындалды. Олар әртүрлі деңгейдегі білім беру ұйымдарында жұмыс істейді, білімі мен тәжірибесімен бөліседі, оның ішінде ауылдық жерлерде де қызмет атқарады.

900-ге жуық түлек денсаулық сақтау саласында қызмет етеді және жыл сайын ондаған мыңнан астам күрделі кардио- және нейрохирургиялық ота жасайды, жаңа дәрілер мен ауыр сырқаттарды емдеу әдістерін ойлап табады.

Қазіргі уақытта 1200-ге жуық қазақстандық 29 елдің үздік жоғары оқу орындарында білім алып, ғылыми орталықтары мен ұйымдарында тағылымдамадан өтіп жатыр.

«Болашақ» стипендиаттары Колумбия, Гарвард, Принстон, Оксфорд университеттерінде және т.б. әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында білім алып жатыр. Қазіргі таңда 50-ден астам азамат президенттік стипендия аясында Шырмауық лигасының университеттерінде оқып жатыр. 2022 жылғы алғашқы легінде 14 азамат аталған жоғары оқу орындарға түсіп, «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды.

«Болашақ» бағдарламасы отандастарымызға QS World University Rankings, Academic Ranking of World Universities, Times Higher Education World University Rankings халықаралық рейтінгтерінің топ-250 және БРҮҚО елдерінің ұлттық рейтингтерінің топ-20-ға кірген әлемнің үздік 236 жоғары оқу орнында білім алу мүмкіндігін беріп отыр.