Жарияланған күні:

«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИАТТАРЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ АҚШ-ТА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НАУҚАН ӨТКІЗДІ

Стипендиаттар Джордж Вашингтон университетінің ауласына шие ағашын екті. Экологиялық науқан «Болашақ» бағдарламасының 30 жылдығына орай өтті.

Жастар әлемдегі үздік оқу орындарда білім алуға мүмкіндік берген елімізге осылай алғысын білдірді.

Бүгінде стипендиялық бағдарлама аясында АҚШ-та 523 қазақстандық білім алып жатыр, оның 25-і Джордж Вашингтон университетінде кәсіби қырынан шыңдалып жатыр.

Университет - АҚШ елордасындағы ең ірі жоғары оқу орны. Ол әлемдегі беделді жоғары оқу орындарының және 2022 жылғы Times Higher Education World University Rankings рейтінгі бойынша әлемдегі топ-200 жоғары оқу орындарының қатарына кіреді.