Жарияланған күні: ,
2022 жылғы 25 мамырда ҚР Білім және ғылым вице-министрі Айбат Ілиясовтің «Болашақ» халықаралық стипендиасының түлектері мен стипендиаттарымен кездесуі өтті. Кездесуге қатысушылар «Жаңа Қазақстанды» құрудағы конституциялық реформаның маңыздылығын талқыға салды.
Іс-шараны аша отырып, А.Ілиясов Мемлекет басшысының Жаңа Қазақстанды құрудағы ауқымды саяси реформаларын өткізу жөніндегі бастамаларының маңыздылығын, сонымен бірге өзекті білімі мен дағдылары бар «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының жаңа формациядағы мемлекет пен қоғамды құрудағы негізгі рөлін атап өтті.
Кездесу барысында «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары шетелдік саяси реформалар мен стратегиялық даму бағдарламаларының үздік тәжірибесін, сондай-ақ өзектілік пен жетістікке жетуді қамтамасыз ету мақсатында оларды жергілікті жағдайларға бейімдеуді талқылады.
Іс-шараға АҚШ, Еуропа және Азия елдері үздік жоғары оқу орындарының 30-дан астам «Болашақ» стипендиаттары мен түлектері қатысты.
Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өткізу туралы ұсынысын қолдады.