Жарияланған күні:
Алтынай Қайдарова, «Болашак» түлегі, техника ғылымдарының докторы, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығының аға ғылыми қызметкері, әріптестерімен бірге теңіз жануарларын бақылауға арналған арнайы көпфункциялы және созылмалы хабаршыларын әзірлеумен айналысады. Сенсорлар жануарлардың дене температурасын, тіпті олардың қоршаған ортадағы күйзеліс деңгейі мен жылдамдығын қадағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар аталған әзірлемесінің көмегімен сирек кездесетін сүтқоректілердің өмір ұзақтығына әсер ететін қоныс аударуы туралы мәліметтер алынатын болады.
«Осы сенсорлар графеннен жасалған, нанотехнологиялар әлеміндегі ең көп сұранысқа ие наноматериал. Бұл қалыңдығы бір атом көміртегінің қабаты, әлемдегі ең жіңішке материал, қағаздан гөрі 100 миллион есе жіңішке. Алайда, оның күрделі, энергияны көп қажет ететін және қымбат өндіріс процесіне байланысты, көп мөлшерде қолжетімсіз. Өз жұмысымызда біз лазер-индукцияланған графенді пайдаланамыз. Бұл жылдам, сенімді және арзан графен өндірісіне арналған тиімді, бір сатылы процесс. Сенсорлар теңіз жануарларының жүрек жиырылу жиілігін, қимыл белсенділігін, температурасын, жылдамдығын және қоршаған ортасының параметрлерін өлшеуге мүмкіндік береді», - дейді Алтынай.
Сондай-ақ жас ғалым теңіз биоалуантүрлігі саласындағы жетекші әлемдік ғалымдарды Каспий итбалығы популяциясының азаюуын зерттеу үшін Орталықтың ғылыми кеңесіне жұмылдырып отырады.
Алтынай «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияның мемлекеттік зерттеу жоғары оқу орны – Ливерпуль университетінде білім алды.