Жарияланған күні:

«БОЛАШАҚ» ТҮЛЕГІ – ҒАЛЫМ ИННОВАЦИЯЛЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МАШИНАСЫН ОЙЛАП ТАПТЫ

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрлыбай Манабаев ғалымдармен бірге 4 машинаның жұмысын атқаратын әмбебап техниканы әзірледі. «Болашақ» түлегі мемлекеттен грант алып, бірнеше данасын сынақтан да өткізіп үлгерген.

Қазақстандық ғалым өнертабысының көмегімен шаруалар бірнеше жұмысты бір техниканың көмегімен жүзеге асыра алады. Сонымен қатар, ол отын шығынын 3 есеге төмендетеді, газдардың атмосфераға шығуын 2-3 есе азайтады, ал өнімділік 10-15%-ға көбейеді. Инновациялық құрылғының Қазақстан және ТМД мемлекеттерінде аналогы жоқ.

Нұрлыбай Манабаев «Болашақ» бағдарламасымен К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауылшаруашылық академиясында ғылыми тағылымдамадан өтті.

«Мен еңбек жолымды ауылда бастадым және шаруалардың жұмысы қандай ауыр екенін білемін. Шетелде тағылымдамадан өту мен ауылшаруашылық өндірісіндегі көпжылдық еңбегім ғалым ретінде қалыптасуыма ықпал етті. Жақын арада бұл әзірлемем жаппай өндіріске шығады деп сенемін», - деп атап өтті Нұрлыбай Манабаев.

фото (1).png