Жарияланған күні:
Болашақ түлегі Досжан Жусуповтың Cerebra медициналық стартапы Дания астанасы Копенгагенде 28-29 наурыз аралығында өтетін "Global Startup Awards" халықаралық стартаптар конкурсының ақтық кезеңіне қатысады.
Бұрын «Болашақ» түлегінің стартапы Emerge Challenge 2021 финалисі атанып, 700 стартаптың ішінен ТОП-5, Slingshot 2020 нұсқасы бойынша ТОП-500 стартаптың қатарына кірді.
Cerebra – инсультті дер кезінде анықтауға арналған жасанды интеллект. Жоба күрделі мәселені көтеріп отыр, өйткені инсульт Қазақстандағы өлім-жітімнің басты себептерінің бірі болып табылады. Досжан командасының инновациялық әзірлемесі дәрігерлерге заманауи технологиялардың көмегімен барынша тез әрі дәл диагноз қоюға көмектесуге арналған.
Досжан Жусупов 2016 жылдан бері өзінің жеке стартаптарымен айналысады. Досжанның алғашқы жобасы Med365 - атты қауіпті өндірістер мен көлік жұмысшыларының медициналық тексеруден өтуін автоматтандыру жүйесі болды.