Жарияланған күні:
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде түрлі жастағы «Болашақ» бағдарламасының 25 түлегі қызмет етеді, олардың қатарында еліміздің ең жас ректоры – Лаура Қарабасова.
Ұлыбритания, Швейцария, Германия, Канада, Польша елдерінің үздік жоғары оқу орындарының түлектері университет әкімшілігінде оның стратегиялық дамуы бойынша еңбек етіп жүр, сондай - ақ университет кафедраларында да сабақ беріп жүр.
Жұбанов университетінің ректоры Лаура Қарабасова «Болашақ» бағдарламасы бойынша ЖОО-ларға дайындық өңірлерден басталады деп сенеді. Дегенмен жастардың көбі ірі қалаларда мүмкіншіліктерді іздеп, қайтып орламайды:
«Сапалы білім алған, халықаралық үлгідегі дипломы бар маманға еліміздегі кез келген жоғары оқу орнының есігі ашық. Бұл – тамаша мүмкіндік. Алайда мұндай инвестициядан мемлекетке не пайда? «Болашақ» түлектері өңірлерге қайтып оралуы керек. Біз олар үшін жақсы әлеуметтік пакет ұсынып отырмыз. Қазір университетімізде «Болашақ» бағдарламасымен оқып келген 25 түлек жұмыс істейді», - деп атап өтті ректор Л.Қарабасова.
Айта кеткен жөн, өңірде еңбек етуге келгендердің көбі осы ЖОО-ның түлегі болған. Лаура Қарабасова да Жұбанов Университетінде алғашқы дипломын алып, ғылым жолына түсті. Кейіннен Ұлибританияға «Болашақ» бағдарламасымен магистратураға түсті. Университетіне қайтып орлауының себебі – оны өзгерту.
Жалпы алғанда, «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім саласы үшін мыңнан астам жоғары білікті маман даярланды.