Жарияланған күні:

«BOLASHAK: STRATEGIC PARTNERSHIP AND COOPERATION» БІЛІМ БЕРУ ФОРУМЫ

Астана, 2023 жылғы 30 қараша - Бүгін «Болашақ» халықаралық бағдарламасының 30 жылдығына орай «BOLASHAK: Strategic Partnership and Cooperation» форумы өтті. Іс-шара халықаралық стипендияның ұзақ мерзімді серіктестері, білім беру саласындағы жетекші сарапшылар мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілдерінің тоғысқан ортасына айналды.

Форумға 19 елдің (АҚШ, Ұлыбритания, Еуропалық Одақ және т. б.) елшілері, 50-ге жуық шетелдік университеттердің (University of Southern California, University of Illinois Urbana Champaign, University of Glasgow, Constructor University и т.д.) басшылары мен өкілдері, қазақстандық оқу орындарының өкілдері (Astana IT University, Maqsut Narikbayev University, Zhubanov University) қатысты.

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова «Халықаралық бағдарламалар орталығының» қызметкерлерін, түлектерді, «Болашақ»стипендиясының стратегиялық серіктестерін 30 жылдығымен құттықтап, бағдарламаның халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, Қазақстанның зияткерлік капиталын ұлғайтуға қосқан үлесін атап өтті. «ХБО» басқарма төрайымы Әлия Оспанова әлемнің түкпір-түкпірінен келген серіктестерге алғысын білдірді.

«Бүгін біз елімізде және беделді халықаралық университеттерде шетелдік филиалдарды құруға белсенді қатысудамыз. Бұл филиалдардың құрылуы қазақстандық студенттерді әлемдік деңгейдегі білім берумен қамтамасыз етудегі біздің міндеттемеміздің айғағы болып табылады. Біз білімді импорттап қана қоймай, әлемдік академиялық қоғамдастықтың алуан түрлілігі мен байлығын көрсететін қызықты білім беру ортасын құрып жатырмыз», - деді А.Оспанова.

Форум аясында білім берудің өзекті мәселелерін талқылау бойынша тақырыптық секциялық отырыстар өткізілді.

«Білім беру технологияларының инновациялары және оқыту әдістері» атты бірінші панельдік сессия барысында халықаралық сарапшылар цифрлық және дәстүрлі оқыту үлгілерін талқылады. Литва денсаулық ғылымдары университетінің Халықаралық қатынастар және зерттеулер орталығының деканы Ингрида Янувилечене дәстүрлі оқыту әдістерін сақтаудың және ыңғайлылық пен тұлғааралық өзара әрекеттесу арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ететін электронды және офлайн әдістер қосылатын гибридті модельді енгізудің маңыздылығын атап өтті.

«Тұрақты даму бағдарламалары және халықаралық зерттеулер» атты екінші панельдік сессиясының спикерлері университеттердің тұрақты инновациялық идеялар орталығы ретіндегі рөлін талқылады. Бухарест университетінің өкілі Мугур Злотя зерттеулердің қолжетімділігін арттырудың және ғылыми қоғамдастықпен өзара іс-қимылды кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Үшінші панельдік сессия «Жоғары білім беруді дамытудағы халықаралық байланыстар мен серіктестіктердің рөлі». Осы сессия аясында Glasgow университетінің бас халықаралық қызметкері Эдриен Хортобаги халықаралық альянстарға қатысу білім беру мекемелерінің бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға ықпал ететініне, білім беру стандарттарын белгілеуге және озық тәжірибелермен алмасуға мүмкіндік беретініне тоқталды.

Форум аясында Washington State University (АҚШ) мен Жәңгір хан университеті, Constructor University (Германия) мен Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Қарағанды медицина университеті және Erasmus MC (Швейцария) және т. б. арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Форум аясында іс-шара қонақтарына халықаралық сарапшылармен және жоғары оқу орындарының өкілдерімен тікелей тілдесуге және білім берудегі инновациялар мәселелері бойынша сұрақтар қоюға мүмкіндіктер туды. Сондай-ақ, «Халықаралық бағдарламалар орталығының» мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша түсу мәселелері бойынша консультациялар өткізді.

1.jpg

2.jpg

3.jpg

4.jpg

5.jpg

6.jpg

7.jpg

8.jpg

9.jpg

10.jpg

11.jpg