Жарияланған күні:

«Bolashaq Ambassador» атағын алу конкурсына қатысуға шақырамыз!

Құрметті стипендиат!

Сіздерді "Bolashaq Ambassador" атағын алуға арналған конкурсқа қатысуға шақырамыз! "Bolashaq Ambassadors" жобасының мақсаты – әлеуметтік желілерде жарқын, қызықты және тартымды контент жасайтын 10 жарқын стипендиатты іріктеу арқылы "Болашақ" стипендиясын насихаттау.

Конкурсқа қатысу үшін Сіз магистратура, докторантура немесе тағылымдама бағдарламалары бойынша "Болашақ" стипендиаты болуыңыз керек. Сондай-ақ Instagram және/немесе Facebook әлеуметтік желісінде белсенді жеке парақшаңыздың болуы міндетті.

Қатысуға өтінім беру үшін: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfaiP1sF03E86vNufCieHxDekGGvDzf935IxmeLfKKjCXXcDw/viewform?usp=sf_link

Өтінімдерді қабылдау 18.02.2021 ж.Нұр-Сұлтан қ. 18.00-де сағат аяқталады. МАҢЫЗДЫ! Әлеуметтік желілердегі аккаунтыңыз жабық болмауы керек, әйтпесе сарапшылар Сіздің өтінішіңізді бағалай алмайды.

Барлық өтінімдерді тәуелсіз сараптама комиссиясы бағалайды. Сарапшылардың жалпы саны – 8, оның бесеуі "Болашақ" бағдарламасының түлегі және Орталықтың 3 өкілі бар. Сараптамалық комиссия мүшелері өтінімдерді келесі критерийлер бойынша бағалайды:

  • Facebook және Instagram-дағы жазылушылар саны;
  • Жарияланымды бейнемен әрлеу сапасы (бейне, фото, сурет);
  • Жарияланымдағы мәтін сапасы (бейне жағдайда мазмұн сапасы);
  • Жарияланым астындағы лайктар мен пікірлер саны.

Іріктелген Bolashaq Ambassador әлеуметтік желідегі парақшаларында "Болашақ" стипендиясы, өзінің шетелдік университетте оқуы, қалада және оқыту елінде тұру тәжірибесі, саяхаттары, ондағы қазақстандық қауымдастықтың өмірі және "Болашақ"стипендиясын танымал ету мақсатындағы қызықты контентті үнемі жариялап отыруға тиіс болады. Bolashaq Ambassador айына кемінде 2 постты Facebook және/немесе Instagram-да #BolashaqAmbassadors хэштегімен жариялауға міндеттенеді.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» Амбассадордың посттарын Орталықтың аудиториясына жеткізу үшін репост жасайды. Сондай-ақ амбассадорлар Орталыққа алдын ала хабарлап, кез келген уақытта жобадан шығуға құқылы.

Әріптестік сәтті болсын!

"Bolashaq Ambassadors" жобасына қатысушыларда қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ қызметкерлерімен мына төмендегі байланыс нөмірлері не электронды пошта арқылы байланыса алады:

№ Басқарма аты Қызметкердің аты-жөні

1 Жұртшылықпен байланыс басқармасы Нұрбек Әмиша, +77172 76 90 98, email: amisha@bolashak.gov.kz

2 Солтүстік Америка, ТМД, Азия және Океания елдерінде оқытуды ұйымдастыру басқармасы Әлия Омарханова, +77172 76 90 69, email: omarkhanova@bolashak.gov.kz

3 Ұлыбританияда және континенттік Еуропа елдерінде оқытуды ұйымдастыру басқармасы Назерке Ермахан, +77172 24 93 74, email: yermakhan@bolashak.gov.kz

Құрметпен, "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ