Жарияланған күні:
Аяз Белқожаев «Болашақ» бағдарламасы арқылы Ливерпуль университетінде биотехнология саласында ғылыми тағылымдамадан өткен.
Ұлыбританияның жетекші университетінде жас ғалым нейродегенеративті аурулармен күресу мәселесін шешу үшін маңызды зерттеулер жүргізді. Мәселен, адамның миын зақымдап, мінез-құлық, есте сақтау мен қозғалыс қабілетін бұзатын тұқым қуалайтын Гентингтон ауруын зерттеді.
Елге оралғаннан кейін ол М.А.Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтында зерттеулерін жалғастырып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, «500 ғалым» жобасы аясында отандық ғалымдарға әлемдегі үздік ұйымдарда құнды тәжірибе жинақтау, ғылыми мәселелерді шешудің жаңа әдістері мен тәсілдерін зерттеу, сондай-ақ кәсіби байланыстар орнату мүмкіндігі жыл сайын беріледі.